Теміртауда екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздады
Сурет: unsplash
2023 жылғы 13 сәуірде Теміртауда екі бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздады – құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төртінші қабаттағы пәтердің ашық терезесіне шығып алып, сыртқа қарап тұрған балаларды сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар байқап, құтқару қызметіне қоңырау шалған.
"Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетті. Баспалдақ орнатып, құтқарышулар ашық терезеге көтерілді. Пәтерде 2019 және 2020 жылы туған балалар жалғыз қалған". Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Төтеншеліктер балалардың терезелер мен балконнан құлап кетуінің алдын алу үшін мынанда қауіпсіздік шараларын сақтау керек екенін ескертті:
- кішкентай балаларды жалғыз, қараусыз қалдырмаңыз;
- жиһаздың барлық түрін бала терезеге шыға алмайтындай етіп терезеден алысқа жылжытыңыз;
- москит торларына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- терезелерге баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына жол бермейтін арнайы ысырмалар орнатыңыз;
- балаларға ашық терезенің қаупі жөнінде түсіндіріңіз;
- егер бекіту құрылғысын орнату мүмкіндігі болмаса, қажетінше пайдаланып, терезе тұтқасын бұрап алыңыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript