Түркістанда «Жеті тандыр» дәмханасы өртенді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Түркістан облысының өрт сөндірушілері екі қабатты «Жеті тандыр» дәмханасында болған өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 маусым күні сағат 11:48-де екі қабатты «Жеті тандыр» дәмханасында екінші қабатында өрт шығып, аумағы 400 шаршы метр болатын шатырын шарпыды. Сағат 12:50-де өрт сөндірілді. Өрттің аумағы анықталып жатыр. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіВедомство жедел штаб құрылғанын мәлімдеді.
Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қонақтар ғимараттан өз бетімен шығып кеткен. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат УәлиӨртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және Апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

