Шанхайда мұнайхимия зауыты алапат өртке оранды
Сурет: видеодан алынды
Шанхайдағы Sinopec Қытай мұнай-химия компаниясының зауытында өрт шықты. Кем дегенде бір адамның қаза тапқаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС мәліметінше, өрт 18 маусымда таңертең этиленгликоль өндіретін зауыттың аумағында басталған.
Өз кезегінде The Global Times газеті кем дегенде бір адамның қаза тапқанын нақтылайды.
Басылым атап өткендей, экологтар зауыттың маңында қажетті сынамаларды алып, қоршаған ортаға зиян келтірілмегенін анықтады.
Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.
Жергілікті тұрғындар дүңк еткен дыбысты естігендерін, содан кейін өткір иісті сезгендерін айтады. Оқиға орнына өрт сөндірушілер бірден келіп жетіп, бірнеше сағат ішінде жағдайды бақылауға алды.
Этиленгликоль - бұл өте улы және ашық түрде айналаға үлкен қауіп төндіретін таза, майлы, иіссіз сұйықтық.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript