Жаңалықтар тізбегі
0

Қырымдағы көпір алапат өртке оранды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2022 15:23 Сурет: видеодан алынды
8 қазанда Қырымдағы көпірде өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mash мәліметтері бойынша, 8 қазанда сағат 6:00-де Таманьнан Керчьке бағыт алған жүк пойызы вагондарының бірі өртенді.

Куәгерлердің айтуынша, қап-қара түтін будақтап жатыр. Көпірдегі автомобиль және теміржол қозғалысы шектелді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі түскен жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көпір үстінде жүк көлігінің де жарылған видеосы желіде пайда болды. Бұл Қырым көпірі болуы мүмкін деген болжам да бар.

Владимир Путин орын алған төтенше жағдайға байланысты үкіметтік комиссия құруды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: