Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында жолаушылар пойызы өртке оранды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2022 12:00 Сурет: Көліктегі ПД баспасөз қызметі
8 қазанда Қызылорда - Семей бағытындағы жолаушылар поезында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 қазанда сағат 02.45-те көлік полициясына Жамбыл облысындағы "Бурный - Сұрым" өткелінде Қызылорда - Семей бағытындағы жолаушылар поезының электрқондырғы бөлмесінде өрт болғаны жөнінде хабарлама түсті.

Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келіп, дереу өртенген вагонның екі жағын ағытып, 34 жолаушыны қауіпсіз вагондарға шығарды. Поезд бригадасымен бірлесіп, көлік полициясы патрульдік нарядының қызметкерлері Шамиль Керімбаев пен Ержан Майсупов жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, адам өміріне араша түсті. Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Бірлескен іс-шараның нәтижесінде жолаушылар зардап шеккен жоқ.

Аталған факті бойынша тергеу басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: