Ақмола облысының тұрғынын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған күдікті ұсталды

Ақмола облысы, күдікті, қылмыс, Атбасар ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 17:38 Сурет: pexels
21 маусым күні Атбасар ауданы аумағындағы Жабай өзенінің бөгетінен адам денесінің бөліктері табылды. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысы бойынша бір тәулік ішінде жәбірленушінің жеке басы анықталғанын атап өтті.

Ведомство күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: