Жаңалықтар тізбегі
0

Шығын – 5 млн 800 мың: әйелімен жанжалдасқан ер адам медициналық құрылғыны қиратты

Алматы облысы, медициналық құрылғы, жанжал, шығын, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2022 17:49 Сурет: Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
30 жастағы ер адам емханада жанжал шығарып, қымбат медициналық құрылғыны бүлдірді. Оқиға Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам мас күйінде емханада жұмыс істейтін әйеліне келіп, ашу үстінде дәрігерлер кабинеттерінің бірінде тұрған медициналық құрылғыны сындырып тастады. Келтірілген шығын көлемі 5 млн 800 мың теңге болды.

Полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 1-бөлігі «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: