«Ауыз суға у қосады». Қазақстандықтар фейк таратуда
Екіншісінде фторды нацистік Германияда концентрациялық лагерьлердегі тұтқындарды улау үшін ауыз суға қосқан делінген, ал үшінші хабарламада су тазарту станцияларының қызметкері қауіпті у – фторидті сумен жабдықтау жүйесіне қосып жатқан сәті түсірілген видео ұсынылған. Бұл ақпараттардың барлығы фейк, деп хабарлайды stopface.kz.
Суға фтор қосатыны ұзақ уақыт бойы адамдардан жасырылып келді
Бұл өтірік, - дейді мамандар. Желіде ауыз суға фторды қашан және неге қоса бастағаны түсіндірілген ақпарат жеткілікті. Фтордың тіс жегінің алдын алуға көмектесетіні ғылыми дәлелденгеннен кейін ХХ ғасырдың екінші жартысында ол жаппай қолданысқа енгізілді.
Құбырдағы суға тұрақты негізде фтор қосқан алғашқы қала – АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд Рэпидс. Бұл 1945 жылы 25 қаңтарда болды. Бұған дейін бір жыл бұрын ғалымдар ауқымды зерттеуді қолға алды, оның барысында Гранд Рэпидс пен көршілес Маскегон қаласындағы балаларда тіс жегінің даму жағдайларының саны салыстырылды.
Әуелі, суды фторлау науқаны басталғанға дейін, осы елді мекендерде тіс жегі ауруы бар балалардың саны шамамен бірдей болды. Алты жылдан кейін Гранд Рэпидсте тіс жегісі бар алты жасар балалардың саны Маскегонға қарағанда жартысына жуық азайды. Нәтижесінде, АҚШ пен өзге елдердің басқа қалаларында суға фтор қоса бастады.
Суға фтор қосудың пайдасы туралы қосымша зерттеулер мұндай қоспаның тіс жегінің пайда болу қаупін едәуір төмендетуі мүмкін деген тұжырымдар расталды. Барлық осы зерттеулер мен суды фторлау науқандарының басталуы туралы хабарланды және ол ешқашан құпия болған емес.
Нацистік Германияда концентрациялық лагерьлерде тұтқындарды улау үшін суға улы зат – фтор қосқан
Бұл тезис мүлдем дәлелсіз, деп санайды мамандар.
Оны Politifact порталының фактчекерлері жоққа шығарған болатын. Олардың мақаласында Холокост мемориалды мұражайының ғылыми қызметкерлері бұл теорияны жоққа шығарып, тұтқындарға фторланған суды пайдалана отырып, ешқандай тәжірибе жүргізілген жоқ деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, нацистік Германия дәуіріндегі медицина саласын зерттеумен айналысатын мұражай қызметкері Патриша Хеберердің айтуынша, концентрациялық лагерьлер босатылғанға дейінгі кезеңде сумен жабдықтау жүйесі іс жүзінде жұмыс істемеген және тұтқындарды ұстау орындарында су мүлдем болмаған.
Сумен жабдықтау жүйесіне қауіпті у – фторид қосқан сәт видеоға түсіп қалған
Біріншіден, видеода оқиғаның нақты қайда болғаны және кадрдағы адамның суған не қосып жатқаны белгісіз. Алайда, видеода көрсетілген имарат су тазарту қондырғысы емес деп сеніммен айтуға болады. Қалалар мен басқа елді мекендер үшін су тазартылатын станциялар мүлдем басқа.
Видеодағы адам белгілі бір ғимараттағы жылу жүйесін тазартып жатқан болар. Осы мақсаттар үшін жүйеге әртүрлі химикаттар құйылады немесе қосылады.
Сондай-ақ, Қазнет пайдаланушылары жазып отырған фторид – бұл у емес, басқа заттармен араласқанда қалыптасатын фтор тұздарының жалпы атауы. Әрбір қосылыстың өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері бар.
Фторидтердің кебірі тіс пасталарының, ауыз шаюға арналған және басқа да гигиеналық құралдардың құрамында болады.
Сонымен, фторланған судың зияны туралы үш хабарлама – фейк. Оларда келтірілген дәлелдер толығымен негізсіз немесе өтірік, ал видеода нақты ақпарат болмағандықтан, ол ештеңе дәлелдемейді, - дейді мамандар.