Жаңалықтар тізбегі
0

"Әрбір қазақстандыққа өтемақы төленеді". Тоқаевтың атынан тағы бір фейк ақпарат тарауда

Фейк, өтемақы, Қасым-Жомарт Тоқаев , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 18:05 Сурет: freepik
Алаяқтар әлеуметтік желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдалана отырып, тағы бір фейк таратып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz мәліметінше, Facebook-те ҚР Президентінің суретін жүктей отырып, алаяқтар жалған ақпарат таратуда. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алаяқтар әрбір қазақстандыққа әлеуметтік төлем төлеуді әде етеді. 

Фейк авторлары жыл соңына дейін әрбір қазақстандықтың картасына 150 мың теңгеден түсетінін нақтылайды. Мұнысы анық болуы үшін Қамыс-Жомарт Тоқаевтың суретін де жазбада пайдаланады. Алайда Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, оның ішінде ҚР Президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да хабарланбады.

"Аталған ақпаратты жариялаған "Өтемақы орталығы" деп аталатын аккаунтта фейк парақшаның барлық белгілері байқалады. Профильде келтірілген мәліметтерде +52 коды бар байланыс телефоны жазылған, бұл Мексиканың коды. Ал суретке Қазақстанның елтаңбасы қойылған. Бірақ жарияланымдар лентасында оның орнында бұрын Беларусь Республикасының елтаңбасы болғанын көруге болады.Бұл киберқылмыскерлердің әрекеті", деп нақтылайды Stopfake.kz.

"Өтемақы орталығы" арқылы өтемақы төлеу – бұл ескі алаяқтық схема, ҚР мемлекеттік техникалық қызметінің KZ-CERT сарапшылары ол туралы 2020 жылы қазақстандықтарға ескерткен болатын. Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: