"Әрбір қазақстандыққа 150 мың теңгеден "-Тоқаевтың атынан жіберілген жалған хабарлама тағы да Қазнетте тарауда
Хабарламада әрбір қазақстандыққа 150 теңгеден бөлінгендігі жайында айтылған. Сондай–ақ, жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылғандығын да атап өткен.
Stopfake.kz мамандарының айтуынша, аталмыш ақпарат жалған.
Сурет: Stopfake.kz
Сондай-ақ, ақпараттық бюллетень авторы төлем туралы бірқатар министрліктер хабарлады деп мәлімдейді.
Бірде-бір ведомство мұндай жаңалықты жарияламаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында да, ҚР Қаржы министрлігінің сайтында да ештеңе жоқ.
Алаяқтар атап өткен ҚР қайырымдылық қоры деген қор жоқ.
Алаяқтардың сөзінше, бұл мемлекеттік бағдарлама Halyk Bank-пен бірлесіп іске асырылуда. Бірақ қаржы мекемесінің ресми порталында төлемдер туралы айтылмаған.
Мемлекет басшысының ресми сайтында да мұндай ақпарат жоқ.
"Қылмыскерлер берген сілтемеде азаматтар төлемнің бар-жоғын тексеру үшін ЖСН теруге тиіс. Бұл айла. Күмәнді сайтта деректерді қалдыра отырып, сіз өзіңіз туралы маңызды ақпаратты белгісіз адамдарға бересіз. Олар оны өз мақсатында пайдалана алады",- делінген хабарламада.
Мамандар тағы бір мәрте тек ресми хабарламаларға ғана сенуге шақырды.