Шымкентте трансформатор өртеніп кетті

Шымкент, өрт, трансформатор, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 09:48 Сурет: Шымкент қаласы ТЖД
Өрт салдарынан 413 тұтынушы электр жарығынан ажыратылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте Уәлиханов көшесінде РП-11 трансформаторы өртеніп кетті, деп мәлімдеді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт 16:11-де оқшауланып, 16:26-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт салдарынан 413 тұтынушы электр жарығынан ажыратылды. Сағат 03:30-да электр жарығы берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: