Жаңалықтар тізбегі
0

Тұрмыстағы 10 қылмыстың 9-ында адамға қасақана ауыр немесе орташа ауыр зиян келген

тұрмыстағы қылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 11:08 Сурет: pexels
2022 жылдың қаңтар және мамыр айы аралығында жасалған тұрмыстағы құқықбұзушылықтардың саны жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда тұрмыста 378 құқықбұзушылық жасалған. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 4,3% аз. 2021 жылдың осы кезеңінде секторда 395 құқықбұзушылық тіркелді, жылына минус 5,5%.

Өңірлік тұрғыда ең көп құқықбұзушылықтар Шығыс Қазақстан облысында жасалған: 47 оқиға, бір жыл бұрынғыдан 36,5% көп.

Алматы облысы екінші орында: 46 құқықбұзушылық, плюс жылына 2,2%. Одан кейінгі орында Қостанай және Павлодар облыстары. Әрқайсысында 36 құқықбұзушылық. Еліміздегі тұрмыстағы құқықбұзушылықтардың шамамен 44%-ы осы төрт облыстың үлесіне тиген.

Ең аз құқықбұзушылықтар Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тіркелді.

Бес айдың қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық саладағы барлық қылмыстық құқықбұзушылықтың 40,2%-ы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілеріне тиесілі: 152 қылмыс, бір жыл бұрынғыдан 5,6% аз. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру жағдайлары да айтарлықтай үлесті алады: 132 құқықбұзушылық, плюс 6,5%, – делінген Ranking.kz зерттеуінде.

Тұрмыстық құқықбұзушылықтардың қатарында кісі өлтіру де болды: 52 жағдай, плюс жылына 2%.

Ескерту: БҰҰ деректері бойынша 15-49 жас аралығындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың ең жоғары деңгейі Сахараның оңтүстігіндегі Африкада, Оңтүстік Азияда және Океанияда (33%-51%) байқалады. Америкада әйелдердің 25%-ы зорлық-зомбылыққа тап болса, Австралия мен Жаңа Зеландияда – 23%, Еуропада – 16%-дан 23%-ға дейін, ал Батыс Еуропада бұл көрсеткіш 21%-ды, Шығыс Еуропада – 20%-ды құрайды. Орталық Азияда ресми деректер бойынша бұл көрсеткіш – 18%. Жағдайлардың басым көпшілігінде зорлық-зомбылықты әйелге жақын адам – күйеуі немесе серіктесі жасайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: