Айналымы – 10 млн: елорда дүкендерінен заңсыз орнатылған ойын терминалдары алынды
Сурет: видеодан скриншот
ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті рұқсат беру құжаттарынсыз ойын терминалдарын орнатып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңсыз айналымнан елорда дүкендерінде орналасқан 800 000 теңге сомасында ақша қаражаты бар 23 ойын терминалы алынды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Агенттік өкілінің мәлімдеуінше, ойын терминалдарын орналастырудан заңсыз кіріс сомасы 10 216 000 теңгеге жеткен.
Күдіктілерге мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
ҚР ҚМА заңсыз ойын бизнесі мақсатында үй-жайлар бергендер қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript