Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде жол-көлік апаты жиілеп кетті

Қазақстан, жол-көлік апаты Сурет: Zakon.kz
Сарапшылардың есебі бойынша, 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 5,2 мың жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Energyprom.kz сайтының жазуынша, ең көп жазатайым оқиға Алматыда – 1,5 мыңға жуық, одан кейін Алматы және Жамбыл облыстары – сәйкесінше 862 және 548 ЖКО тіркелген.

2022 жылғы қаңтар-мамырда жол-көлік оқиғаларының салдарынан 7,7 мыңға жуық адам зардап шекті, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 11,9%-ға көп. Оның ішінде 6,9 мың адам зардап шекті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,9 пайызға көп, – дейді сарапшылар.

2022 жылы жол апатынан қаза тапқандар саны 744 адамға жетті.

Бұл сәйкес кезеңдегі (қаңтар-мамыр) 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш бірден 22,6%-ға өсті.

Жол-көлік оқиғаларынан көп адам қаза болған өңірлер:

  • Алматы облысы (163 адам);

  • Жамбыл облысы (99 адам)

  • Түркістан облысы (63 адам).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз