Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда бас көтергендер мемлекеттік органдарды басып алмақшы болғаны айтылды

Ресми мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2022 15:58 Сурет: Facebook/Qaraqalpaqstan Respublikası Joqarǵı Keńesi
Қарақалпақстанның астанасында 1 шілдеде Конституцияға түзетулер енгізу жобасында республиканың Өзбекстан құрамынан шығу құқығы туралы тармақты алып тастау ұсынысына қатысты жаппай наразылық шеруі өтті. Қарақалпақстанның ресми билігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәлімдеме мәтіні Жоқарғы кеңестің ресми сайтында жарияланды.

Онда Өзбекстан Республикасы жүргізіп отырған ашықтық пен еркін ерік білдіру саясатына қарамастан, 2022 жылғы 1 шілдесінде Нүкіс қаласында қылмыстық топ Қарақалпақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын басып алуға әрекеттену түрінде заңсызсыздықтар ұйымдастырды делінген.

Популистік ұрандарды қалқан ет отырып, көптің санасы мен сенімін алдау-арбаумен елітіп, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, республика азаматтарын Қарақалпақстан Республикасының әкімшілік ғимараттары кешенінің алдындағы алаңға жинады. Арандатушылар жиналған азаматтарға арқа сүйеп, аталған мемлекеттік мекемелерді басып алуға және осылайша қоғам арасына іріткі салып, бөліп-жарып, Өзбекстандағы қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет жасады. Жоқарғы кеңес хабарының мәтіні

Құқық қорғау органдары қабылдаған батыл шаралары, бастамашылықтары арқасында заңсыз әрекеттердің жолы кесіліп, жаппай тәртіпсіздіктердің өршуін ауыздықтау мүмкін болғаны да атап айтылады.

Біздің мемлекетіміз жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеу үшін қажетті әлеуетке ие екенін жауапкершілікпен мәлімдейміз. Тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар тобы мен құқық қорғау органдарына белсенді қарсылық көрсеткен адамдар ұсталды. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық арандатушылар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Жоқарғы кеңес хабарының мәтіні

Бұл жағдайда Қарақалпақстандағы жағдайдың ушығуына сырттағы жекелеген күштердің түрткі болуы, оның ішінде мақсатты түрде ақпараттар тарату, болып жатқан оқиғаларды қасақана бұрмалау арқылы іштегі жағдайға әсер ету әрекеттері алаңдаушылық тудыратыны атап өтіледі.

Қалыптасқан жағдайда ел азаматтарын қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп әрекет етуге шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: