Жаңалықтар тізбегі
0

Бішкекте мемлекеттік туға өзгеріс енгізуге қарсы митинг өтті

Ту, Қырғыз Республикасы, наразылық акциясы, митинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2023 17:58 Сурет: pixabay
9 желтоқсанда Қырғыз Республикасының астанасында М. Горький атындағы саябақта мемлекеттік туға өзгеріс енгізуге қарсы наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қар жауып, наразылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі Афтандил Жорабековтың қамалғанына қарамастан митинг өтті, деп жазады Kaktus.media.

Мемлекеттік рәміздегі күн сәулесінің бейнесін өзгертуге қарсы бейбіт митингіге 100-ге жуық адам жиналды. Олар елдің әнұранын орындады.

Акцияға қатысушылар туға өзгеріс енгізбеуді және азаматтық белсенді, бүгінгі акцияның бастамашысы Афтандил Жоробековты босатуды талап етті. Ол 2023 жылы 7 желтоқсанда республикадағы қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыруға және жаппай тәртіпсіздіктерге шақырған деген айыппен екі ай қамауға алынды.

Айта кетсек, 2023 жылы қараша айының соңында Жогорку Кенеш депутаттары бірінші оқылымда мемлекеттік туға өзгерту енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Мемлекеттік рәміздегі күн сәулесін өзгерту туралы бастаманы Жогоргу Кенеш спикері Нұрланбек Шакиев пен депутат Ұлан Пірімов көтерген болатын. 

Қырғыз Президенті Садыр Жапаров бұл бастаманы қолдағаны белгілі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: