"Ақорда" резиденциясында Си Цзиньпинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Сурет: akorda.kz, коллаж: Zakon.kz
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді "Ақорда" резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кортежін өзі күтіп алды.
Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшып өтті.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
2 шілде күні Си Цзиньпиннің Астанаға ұшып келгенін хабарлаған болатынбыз. Қытайдың көшбасшысы Қазақстанда үш күн болады: 2-4 шілде аралығында.
Сапар бағдарламасы жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізуді және бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюды көздейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



