Путинді Ақорда резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Сурет: akorda.kz
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді Ақорда резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Айта кетсек, 27 қарашада кешкісін Астанада әуежайдан Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген РФ президенті Владимир Путинді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

