Түркістан облысында жылқышы бөтеннің 8 жылқысын сатып жіберген

Түркістан облысы, жылқы, жылқышы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 12:29 Сурет: Zakon.kz
Полицейлер 8 бас жылқыны талан-таражға салған жылқышыны қамауға алды. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 500 000 теңге болды, деп хабарлайды
Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол танысына 8 бас жылқысын сеніп тапсырған. Алайда бақташы малды талан-таражға салған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 500 000 теңге болды.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, бұл жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.

Күдікті жас жігіт анықталды. Ол жәбірленушінің жылқышысы болған. Жылқышы сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: