Теңіз кен орнындағы жарылыс: ТШО басшылығы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Сурет: видеодан скриншот
«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі компания басшылығы атынан Теңіз кен орнындағы жарылыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрылыс алаңында Senimdi Kurylys мердігер компаниясы мен оның мердігер ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен гидравликалық сынау кезінде қысым түсіп, салдарынан мердігер компанияның үш қызметкері жарақат алып, екеуі қаза тапты. Зардап шеккен жұмысшылар дереу ТШО ауруханасына жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді, – делінген хабарламада.
Мердігер ұйымның басшылығы заңнамаға сәйкес тиісті мемлекеттік органдарды хабардар еткен.
6 шілде күні таңертең Атырау облысында Теңіз кен орнында жарылыс болып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript