Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешенінен бір күнде екі рет өрт шықты

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 21:45 Сурет: Атырау облыстық ТЖД
Төтеншеліктерге таңертеңгі сағат 10 шамасында қоңырау келіп түсте, түсте сағат 14-52 уақытында тағы бір қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 11 шілдеде сағат 14:52 (жергілікті уақыт) уақытында шұғыл байланыс желісіне Атырау қаласы, «Гаухартас» тұрғын үй кешенінен түтін шығып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 21:45

Сурет: Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 8 пәтерлі (1 пәтер пайдаланусыз тұрған) екі қабатты №3 үйдің жалпы ауданы 1200 шаршы метр болатын екінші қабаты мен төбе жабындысының толықтай ашық отпен жанып жатқаны анықталды. Өрт кезінде 21 адам, оның ішінде 13 бала өздігінен далаға шықты.

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 21:45

Сурет: Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 65 қызметкер, 12 техника; ПД (20 қызметкер, 9 техника), ҚР ТЖМ АМО (3 қызметкер, 1 техника), «Семсер Өрт сөндіруші» АҚ (3 қызметкер, 1 техника); «Ақберен» АҚ (2 қызметкер, 1 техника); Солтүстік Каспий мұнай төгілімдеріне ден қою экологиялық базасы (4 қызметкер, 1 техника) жұмылдырылды. Жалпы есеппен 97 адам 25 техника өртті ауыздықтауға іске қосылды. Өрт сағат 16:25 (жергілікті уақыт) оқшауланды, сағат 16:51 (жергілікті уақыт) жойылды. Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Техника, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 21:45

Сурет: Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Төтеншеліктер аталған тұрғын үй кешенінен таңертең де шақырту алғандарын айтады. Ол кезде тоқтың қысқаша тұйықталуынан (ұзартқыш) тұрмыстық заттар мен жиһаздардың тұтануы орын алған. Өрт сағат 10:14 (жергілікті уақыт) оқшауланып, сағат 10:20 уақытында жойылды.

Төтенше оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 21:45

Сурет: Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталу үстінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: