Ресейде Қазақстанға отыз тоннаға жуық қантты жасырын әкелмек болғандар ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысымен шекарада ресейлік шекарашылар құжатта минералды тыңайтқыш (карбамид) ретінде көрсетілген 29,9 тонна қант экспортының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көліктің жүк тиеу бөлігін визуалды тексеру кезінде еденнен төгілген қант пен қапта қант бар екенін көрсететін таңбалау жапсырмасы табылды. Басқа қаптардың тексеру кезінде онда қант бары расталды.Россельхознадзордың баспасөз қызметі
Россельхознадзор таратқан ақпаратта партия ұсталғаны мәлімделген. Қазір оны Омбы кедені тексеріп жатыр.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан шекарасында 34 тоннаға жуық қантты тасымалдамақ болғандар тоқтатылды.
Кейбіреулер өнімді шекарадан «ұн» деп көрсетілген құжаттар арқылы және ұнның қабымен шығарақ болса, енді біреулер жалпы салмағы 590 келі болатын шағын партияларды қала маңындағы электр пойызы арқылы тасымалдаған.
Еске салсақ, Ресей 2022 жылғы 31 тамызға дейін қант экспортына тыйым салды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript