Ыстықкөлде велосипед тепкен Қазақстан азаматы көз жұмды
Сурет: pixabay
Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегінде велосипед теуіп келе жатқан адамды қақты. Алматы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ыстықкөл облысының Комсомол ауылында велосипед мінген 58 жастағы Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
16 шілдеде сағат 07:40 -та Балықшы — Ананьево-Қаракөл тас жолының 97 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Милицияның мәліметінше, 41 жастағы Lexus rx330 жүргізушісі Комсомол ауылында Nissan Micra көлігімен соқтығысқан. Өз кезегінде ол рөлге ие бола алмай, жол шетінде кетіп бара жатқан велосипедшіні қаққан. Алматы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript