Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда тауда жоғалып кеткен турист досының үйінен табылды

Алматы, турист, ТЖМ Сурет: Zakon.kz
17 шілдеде 28 жастағы алматылық тауға серуенге кетіп, оралмаған. Оны іздеуге құтқару тобы жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 шілде күні сағат 23:35-те оларға туристтің ағасы қоңырау шалған.

Данияр 17 шілде күні кешке Көкжайлау – Үш ағайынды бағыты бойынша тауға шығып кеткелі оралмады , – дейді туысы.

Сағат 23:50-де Үлкен Алматы көлінің бақылау-құтқару пунктінен құтқарушылар бригадасы туыстары айтқан маңды қарауға аттанды.

19 шілде күні таңертең туристің дін-аман екені белгілі болды.

Досының үйінде екен. Ағасы қоңырау шалып, іздеуді тоқтатты. ҚР ТЖМ «РЖҚЖ» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз