Алматыда полицияның мопедистті қуған сәті видеоға түсіп қалды
Бұл оқиға түсірілген видеоны Zakon.kz оқырманы редакцияға жіберді.
Қалалық полиция департаменті арнайы батальон шлемсіз мініп келе жатқан мопедистті байқап, оны ұстамақ болғанын, бірақ ол бағынбағанын айтты.
Арнайы жасақ қуған кезде мопед жүргізушісі көлікпен соқтығысқан. Одан кейін жаяу қашып кеткен. Бұл кезде жақын жерде тағы бір жасақ болып, мопед жүргізушісі ұсталды.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Мопедистке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы (ҚР ӘҚБтК) төрт хаттама толтырылды:
590-баб, 2-бөлім - «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу»;
593-баб, 2-бөлім - «Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе каскаларды пайдалану талаптарын сақтамау»;
610-баб, 3-бөлім - «Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң адамдардың денсаулығына зиян келтiруiне, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы»;
613-баб, 1-бөлім - «ҚР Мемлекеттiк шекарасы арқылы көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде және Қазақстан аумағындағы көлiк бақылау бекеттерiндегi iшкi iстер органдары (полиция), көлiк бақылауы қызметкерлерiнiң талаптарын орындамау; әскери полиция қызметкерлері, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық жағдайына сараптамадан өтуден жалтару».
Сонымен қатар қалалық ПД субұрқақтар мен серуендеу алаңдарын айналып өткен мопедистермен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшылығы аталған аумақта нақты, мақсатты рейдтер өткізуді жоспарлап отыр. Оның барысында аса ауыр құқықбұзушылық жасаған азаматтар анықталады. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріліп, жауапкершілікке тартылады.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бұл ретте қалалық ПД-да атап өткендей, «бұрын бұл факті бойынша тұрғындардан ешқандай хабарландыру болмаған».
Құқықбұзушылардың әрекетіне түбегейлі баға берілетіні сөзсіз.Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі