Жылқыны қасақана таптады: қылмыстық іс басқа бап бойынша қайта қозғалды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында жылқыны қасақана таптау оқиғасы күтпеген жерден басқаша өрбіді. Екі тарап татуласып, кешірім сұрағанымен, жылқыны басып кеткен жол талғамайтын көлік жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
38 жастағы күдікті ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу органдарының қызметкерлері істі ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабына (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) өзгерту туралы қаулы шығарды. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ведомстводағылар оқиға бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабында (ұсақ бұзақылық) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін сот қаулысымен ұсталған азамат 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript