Елордада World Business Consulting қаржы пирамидасын құрғандар тергеліп жатыр
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚМА елордада World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ведомство таратқан ақпар бойынша, бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді.
Департаментте қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілмейді.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Қаржылық мониторинг агенттігі халықты қырағы болуға және жинақты күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript