Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар World Business Consulting қаржы пирамидасына 60 миллион теңге инвестициялады

Агентство РК по финансовому мониторингу , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2024 10:03 Фото: пресс-служба АФМ РК
Ақтөбе облысында World Business Consulting қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар өздерін Қазақстанда ресми тіркелген халықаралық инвестициялық компания өкілдері ретінде тансытырып, Ақтөбеде презентациялар өткізген.

Жиындарда күдіктілер қаржылық инвестициялар, тиімді пайызбен несие рәсімдеу, әлемнің кез-келген жерінен пәтер және жаңа көлік сатып алу жайлы ақпараттармен азаматтарды қызықтырған. Осы арқылы олар жаңа салымшыларды тартып, оларға ай сайын ақша салып одан сыйақы алатынына сендірген.

Күдіктілердің заңсыз әрекетінен 60 млн теңгеге жуық шығын келтірілген.

Сот үкімімен екі азамат кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Жыл басынан бері ҚМА қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 62 қылмыстық іс аяқталды, олардың ұйымдастырушылары 20 млрд теңгеге жуық шығын келтірді.

Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді.

Қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастырғаны және жарнамалағаны үшін, 53 адамға қатысты 35 сот үкімі шықты. Олар 2 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,7 мың сайт пен сілтеме бұғаттауға жолданды.

"WhatsApp", "Telegram" және "Instagram" — да 300-ге жуық чат бұғатталды. Осылайша, 2 млн астам әлеуетті салымшылардың қаржылық шығындарының алдын алды.

"Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері "Qnet", "World Business Consulting", "Finiko" "Antares"/"Antares Trade", "Sincere Systems Group"/"S-Group", "Hermes LTD", "Life is good", "Chia Tai Tianding"/"Chia Tai Pharmaceutical" "Energy Eolus Oazqstan"/"Eolus" сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз аталған қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.

ҚМА адам ақша салғысы келетін компанияны қаржы пирамидасының белгілеріне тексеруге мүмкіндік беретін Телеграм ботты іске қосты.

Сонымен қатар, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ұсталған барлық жалған жобалардың тізімі Агенттіктің сайтында жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: