Жамбыл облысында суға батып кеткен қыз екінші күн іздестіріліп жатыр

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2022 11:58 Сурет: Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі
23 шілдеден бастап суға батып кеткен 2015 жылғы туған қыздың денесі іздестіріліп жатыр. Атасы мен немересі жабдықталмаған орыннан суға түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеті жасар қыз 23 шілдеде атасымен бірге суға батып кетті, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД.

Кейін Жамбыл аоблысы Жаскөркен ауылына кіреберістегі Талас өзенінен куәгерлер 1961 жылғы ер адамның денесін тауып, судан алып шықты.

Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының үш құрамы 24 шілде күні сағат 05:30-да іздеуді қайта бастады. Сүңгуірлер өзеннің түбін қарайды. Жеке құрамның 74 адамы жағалау бойын шарлайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: