Eden Life пирамидасын құрғандар жалған инвестициялық жобаларға қаржы құйдырған

Нұр-Сұлтан қаласы, қаржы пирамидасы, ҚР ҚМА, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2022 17:11 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚМА елордалық департаменті Eden Life қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді.

Департаментте аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікке қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: