Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар құлдыққа көбіне қайда жиі ұшырайды

құлдық, қылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 18:32 Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігінің өкілдері қазақстандықтардың қай елдерде құлдыққа түсу қаупі бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жылы жыныстық қанаудың 16 құрбаны анықталса, 2020 жылы 67, 2019 жылы 35-і белгілі болған. Біздің азаматтарды экспорттау фактілерінің бірі Бахрейнмен байланысты. Былтыр бізден адамдарды Түркия мен БАӘ-ге экспорттаған. Бірақ елде негізінен ішкі трафик басым. Жыныстық қанау фактілері ірі қалаларда – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте, сонымен қатар облыс орталықтарында анықталды.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті адам саудасына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева

Сонымен қатар ол биыл еңбекпен қанау фактілері бойынша бес қылмыстық іс қозғалғанын, олардың барлығына қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

Сонымен қатар 2020 жылы еңбекпен қанау құрбандарының 21-і, ал 2021 жылы төртеуі анықталды.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, 2021 жылдың желтоқсанында Бахрейн Корольдігінде адам саудасымен айналысқан, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жыныстық қанау мақсатында жүргізген трансұлттық қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталған. Олар түрлі жаза мерзіміне сотталды.

БҰҰ мәліметі бойынша, адам саудасының ең танымал түрі – жыныстық қанау. Бұл адам саудасына қатысты істердің 54%-ына тең. Өкінішке қарай, Қазақстан да шет қалмайды. Біздің елде адам саудасының кең тараған түрі – әйелдерді жыныстық қанау, сонымен қатар жезөкшелер үйін ұстау және жеңгетайлық. Ал ер адамдар еңбек саласында қанауға түсіп қалып жатады. Сонымен қатар жаңа туған нәрестелер мен жас балаларды сату фактілері анықталды.Қанат Нұрмағамбетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: