Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда күзетші болған шетел азаматының өліміне қатысты сот процесі басталды

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 22:54 Сурет: Zakon.kz
Оралда кафе күзетшісі Гурам Гунияның өліміне қатысты сот процесі басталды. Самарадан келген марқұмның анасы ұлын өлтірген қылмыскер жазадан құтылып кете ме деп уайымдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азалы ана Гурамның өліміне жалақысын уақытылы алмауы себеп екенін айтады, деп хабарлайды Astana.tv.

Неге кафе қызметкерлерін осы оқиғадан кейін жұмыстан шығарып жіберді? Ұлымды не үшін өлтірді? Осы екі сұрақтың жауабын табар емеспін. Мен әділдік орнағанын қалаймын. Ұлым жаттыққан фитнесс-клубтағылар Гурамның ақшадан тарыққанын, оған жалақы төлемегенін айтады. Ал айлығын қолына алғанда кенеттен қаза тапты.   Марқұмның анасы Нани Гуния

Нани Гунияның айтуынша, күдікті осыған дейін бірнеше рет істі болған. Бірақ ол жәбірлеген жандар кеңшілікпен кешіріп, жазадан құтылыпты. Сот мәліметінше, Гурам Гуния күзет бастығымен сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан.

Күдікті марқұм Гунианы пышақтап қорқытам деп ойлап, оң жақ жамбасынан екі рет пышақ тыққан. Бірақ абайсызда өлтіріп алған. Жәбірленуші ауыр жараланып, сол жерде көз жұмды.  Орал қаласының аға прокуроры Сырдаш Зихруллаев

Күдікті өз кінәсін мойындаған, пышақты қорқыту үшін ғана сілтедім дейді. Оның қорғаушысы тергеуді қайта бастап, психиатриялық сараптама жүргізуді сұрап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: