Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қомақты айыппұл салынды

ойын, компьютер, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 12:57 Сурет: unsplash
Ойын үйлерінің заңсыз әрекетіне қатысты істі ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті тексерді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар сотталды. Олардың біреуіне 200 АЕК (636 000 теңге), екіншісіне 1 000 АЕК (3 180 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматша Цой О.Н. ойын мекемесінің қызметін ұйымдастырған. Заңда белгіленген орындардан тыс жерде құмар ойындарын жүргізген. Цой букмекерлік кеңсенің атынан бөлме жалдаған. 9 компьютер сатып алып, оларды интернетке қосқан.

Сараптама қорытындысы бойынша орнатылған бағдарламалар арқылы онлайн ойын сайттарын іске қосуға болады. Сонымен қатар ұйымдастырушы үш адамды қызмет көрсетуші ретінде жұмысқа алған.ҚР Қаржы мониторингі агенттігі

Екінші сотталушы Қ.Наурызбаев пәтер жалдап тұрған. Ер адам «электрондық рулетка» арнайы ойын жабдығын орнатқан. Төрт адамды кассир және күзетші етіп жұмысқа алған.

Екі айыпталушыға айыппұлды төлеуге бір ай мерзім берілді. Жалтарған жағдайда өтемақы еріксіз жүзеге асырылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: