Жаңалықтар тізбегі
0

Есірткі саудагерлері телеарна журналисін қатарына қоспақ болған

алаяқ, қылмыскер, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2022 15:29 Сурет: freepik
Қылмыскерлер әдетте заңсыз жұмысты көбіне интернет арқылы хабарлайды. Олар әлеуметтік желілерде қызық ұсыныс жіберу арқылы жұмысқа алады. Тіпті хабарландыруды жұмыс іздестіретін танымал сайттарға да жариялайды. Осылайша олар заңсыз кәсібін жасырып қала алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адамдар мұндай сілтемелерді әртүрлі мессенджерлер арқылы алған кезде қылмыстық жауапкершіліктің салдары туралы білмейді. Әдетте, адамдар жалақысы жоғары жұмыстардың ұсыныстарына түсіп, олардың қылмыстық әрекеттерге тартылғанын түсінбейді.Нұр-Сұлтан Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сергей Ильиных

Мысалы, елордаға жұмысқа келген жас жігіт бірден қылмыстық схемаға түсіп қалған. Олар жігітке химиялық заттарды тасымалдайтыны үшін жақсы жалақы ұсынған. Ал жігіт тұрақты табыстан бас тарта алмаған. Енді ол алдағы 7 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Мен екі апта ғана жұмыс істедім, бірден мені ұстап алды. Мен ешқандай да ақша тауып үлгермедім. Осы іс үшін жауап беретінімді білгенде бәрі кеш екенін түсіндім. Қазір анам ғана жалғыз қалды. Бәрі осы жайтты білген соң мені тастап кетті. Қанша төлесе де, мұндай іске жолауға тұрмайды.Сотталушы

«Еуразия» бірінші арнасының хабарлауынша, қылмыскерлер тіпті осы арна журналисін жұмысқа тартпақ болған. Олар белгіленген схема бойынша әрекет еткен: әуелі ақшаны оңай табуға болатынын айтып, жұмысты түсіндіріп, жеке мәліметтерді сұраған. Осы кезде экспериментті тоқтатуға тура келді.

Есірткі қылмысымен күрес қызметі құқық қорғау органдарына тартылу үшін белгілі бір негіздерді бұзады.Сергей Ильиных

Телеарна хабарлауынша, бірінші тапсырыстан соң анонимді адамдар қылмыстық әрекеттеріңді хабарлаймыз деп жаңадан қосылған наркокурьерлерді қорқыта бастайды.

Есірткі қылмысымен күресушілер қорықпау керек екенін айтып, ескертіп отыр. Егер адам өз еркімен бас тартса, жауапкершіліктен босатылады.

Қазақстанда жарты жылда есірткі таратқан 1500 сайт пен Telegram каналы бұғатталды.

Сонымен қатар полицейлер интернет арқылы сату фактілері бойынша жүзден астам қылмыстық істі тергеп жатыр. Полиция он оқиғаның тоғызында есірткі сатушылар өздерінің сыбайластары туралы хабардар ететінін атап өтті. Ешкім жазасыз қалмайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: