Алтынды контрабандалық жолмен алып кетпек болғандар ұсталды
Сурет: ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Алматыдағы «Жетісу» кеден бекетінде алтынды контрабандалық жолмен алып шығудың жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлауынша, шетелдік азамат Қазақстаннан алтын пластиналарды шығаруға тырысқан. Қазір оған әкімшілік айыппұл салынады.
2022 жылғы 23 шілдеде Алматы қаласындағы халықаралық әуежайының ұшу залында «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері шекара қызметімен бірлесіп, «Алматы-Ыстамбұл» әуе рейсімен ұшып шыққан, жалпы салмағы 319 грамм құрайтын 10 дана сары металдан жасалған пластиналарды алып бара жатқан АҚШ азаматын ұстады. ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасы жасаған сараптама нәтижесіне сәйкес, табылған тауар «аффинирленген алтын» ретінде айқындалды, – делінген ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.
Шетелдік тұлғаға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тыйым салулар мен шектеулерді сақтамай, тауарларды өткізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл үшін жеке тұлғаларға тауарлар тәркіленіп немесе тәркіленбей, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript