Өзбекстаннан қауынды контрабандалық жолмен әкелгендердің жолы кесілді
Сурет: Мемлекеттік кірістер комитеті
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетінде қауынды контрабандалық жолмен әкеудің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 тамызда «Қапланбек» кеден бекетінде комитеттің Ахуалдық орталығының қызметкерлері инспекциялық тексеріп-қарау кешенінің суреттерін талдау кезінде мәлімделген құжаттарда сәйкессіздік анықтады.
Құжаттарда мәлімделген «қарбыздың» орнына суретте сопақша пішіндес тауар көрінді. Комитеттің 2021 жылғы 12 қарашадағы №722 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тексеріп қарау интроскопиялық техникасын қолдануы тәртібіне» сәйкес, МКК-нің Ахуалдық орталығы кеден заңнамасын бұзуға күдік туындаған мәліметтерді кедендік жете тексеруге жіберді. Кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде (Ахуалдық орталықтың бейне сүйемелдеуі) «Қапланбек» кеден бекетінің қызметкерлері 62 тонна декларацияланбаған «қауын» тауарын анықтады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Комитет өкілдерінің хабарлауынша, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы 12 тонна «қауын» тауарын және 66 тонна «қарбыз» тауарын мәлімдеген.
Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару мақсатында импорттаушылар декларацияларда неғұрлым арзан тауарды мәлімдейді.
Бұл бұзушылықтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы қолданыстағы заңнамамен жауапкершілікке тартылатыны айтылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript