Алматыда ер адам автобус ішінде бұрынғы әйелін пышақтамақ болды

Алматы, автобус, пышақ, зорлық-зомбылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 15:28 Сурет: pixabay
Бұрынғы күйеуі автобуста әйелге шабуыл жасады: оқиға автобустың бейнебақылау камерасына жазылған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғаушы Дина Смаилова Facebook парақшасында мән-жайды баяндап, Алматы қаласының бас полицейіне жүгінді.

Оның жазуынша, ер адам төрт күн бойы бұрынғы әйелін жұмысының жанында торуылдаумен болған. Сондай-ақ жазбада ерлі-зайыптының ажырасқанына екі жыл болса да, бұрынғы күйеуі әйелге тыныштық бермегені айтылған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны, соның қорытындысы бойынша бұл қылмыстық іске қатысты түпкілікті процессуалдық шешім шығарылатыны мәлім болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: