Үтік басты: полиция қызметкерлері 23 азаматты азаптаған
Сурет: Zakon.kz
Прокуратура органдары қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарға азаптауды қолданған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басып, азаптағаны туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады.
Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді.ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Қылмыстық кодекстің 146-бабы (азаптаулар) бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды: оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері.
2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Азаптаудың басқа да фактілерін тергеу аяқталып қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript