Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда 5 жасар қыз 10-қабаттан құлап аман қалды

Нұр-Сұлтан қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2022 17:50 Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанда 31 шілдеде Қабанбай батыр даңғылы бойындағы тұрғын үйдің 10-қабатынан 2017 жылы туған қыз құлап кетті. Оны көршісі құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сол үйде тұратын 1988 жылы туған азамат баланы құлаған сәтте ұстап алмақ болып ұмтылып, баланың жеңіл түсуіне ықпал еткен.Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің айтуынша, елорданың Төтенше жағдайлар департаменті 34 жастағы Талғат Әбдіханұлын марапаттамақ болған. Алайда баланың жағдайы ауыр болғандықтан, ер адам марапаттан бас тартыпты.

Ал Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бала нейрохирургия бөлімінде емделіп жатқанын хабарлады.

Құлаған кезде қыз түрлі жарақаттар алған. Қазір баланың жалпы жағдайы ауыр. Бала толық көлемде ем қабылдап, тексеріліп жатыр, – Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратта.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: