Бішкектің орталығында тұрақта тұрған көліктен граната табылды
Сурет: Twitter/kloopnews
Саперлар Бішкектегі сауда орталығының аумағын тексеру кезінде тоқтап тұрған көліктен граната тапты. Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бішкектегі «Азия молл» сауда орталығын тексеру кезінде саперлар граната тапты, – деп хабарлады министрлік өкілі.
Ішкі істер министрлігі ТАСС агенттігіне орнатылған жарылғыш зат туралы анонимді хабарламаға байланысты сауда орталығының қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланғаны туралы хабарлаған.
Министрлік өкілінің айтуынша, граната сауда орталығы ғимаратындағы көлік тұрағында тұрған көліктің астынан табылған. Көлік жергілікті кәсіпкерлердің біріне тиесілі болуы мүмкін.
«Азия молл» сауда орталығында жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді сигнал полицияның кезекші бөліміне 11 тамызда (Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 14:00-де) түскен. Оқиға орнына саперлар мен жедел-тергеу топтары жіберілді.
Сауда орталығының айналасы қоршауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript