Алматының орталығында граната табылды

Алматы, граната, полиция қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 18:09 Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Алматыда Төле би даңғылы мен Мұратбаев көшесінің қиылысында орналасқан әкімшілік ғимараттардың бірінің жанынан тұтандырғышы жоқ жарықты-шулы граната табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia NEWS Telegram арнасының хабарлауынша, гранатаны аумақты қарап жүрген күзетші тапқан. Оқиға орнына жеткен қаланың төтенше жағдайлар қызметі төңіректі қоршауға алды.

Кейінірек саперлар тұтандырғышы жоқ граната төңіректегілерге қауіп төндірмейтінін хабарлады.

Алмалы аудандық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы төтенше жағдайдың мән-жайын анықтайды. Алматы қаласы полиция департаменті
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: