280 миллион теңгеге заңсыз кен өндіру: Ақмола тұрғыны сотталды
Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚҚА) Ақмола облысы бойынша департаменті тау-кен өндіру саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты істі аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында азамат Ибраевтың Жолымбет кен орнындағы учаскені барлауға келісім шарт жасасқаны ғана емес, сонымен қатар құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндірумен және кейін үшінші тұлғаларға сатумен айналысқаны анықталды.ҚР АФМ баспасөз қызметі
Нәтижесінде ол аса ірі көлемде жалпы сомасы 280 млн теңгені құрайтын заңсыз кіріс алған.
Сот үкімімен сотталушыға келтірілген залал республикалық бюджетке толық өндіріліп, 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript