Ақтаулық блогерлер ауқымды онлайн лотереядан 162 миллион теңгеден астам табыс тапты: ҚМА тергеу жүргізуде

Ақтаулық блогерлер ауқымды онлайн лотереядан 162 миллион теңгеден астам табыс тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 10:47 Сурет: Telegram/afm_rk
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін, 2025 жылдың 19 маусымында ҚМА айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған.

Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан.

Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан.

Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды.

 Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: