15 тоннадан астам дизель отынын ұрлаған: ҚТЖ-ның 9 қызметкері жұмыстан шығарылды
Сурет: rail-news.kz
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Қарағанды облысы бойынша департаменті «ҚТЖ» АҚ филиалы қызметкерлері қатысқан дизель отынын ұрлау схемасын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азамат Елубайұлы 2021-2022 жылдары локомотив машинистерінен дизель отынын сатып алып, оны екі цистернаға салып, әрі қарай Жаңаарқа ауданы мен Жаңаарқа ауылында сатқан. Тексеру барысында жерасты цистерналарынан шығу заңдылығын растайтын құжаты жоқ, жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асатын 15 тоннадан астам дизель отыны табылды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Хабарланғандай, Елубайұлы 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ал ҚТЖ бөлімшесінің ұрлыққа қатысы бар 9 қызметкері тергеушінің берген ұсынысы бойынша жұмыстан босатылды.
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға үндеу жасады.
Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, өткізу және сақтау фактілері белгілі болған жағдайда Қаржы мониторингі агенттігінің және аумақтық департаменттердің сенім телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript