Тепловоздан дизель отынын ұрлаған пойыз машинисі сотталды

Сот, тепловоз, дизель, ұрлық, ҚР Қылмыстық кодексі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2022 16:53 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Дизель отынын ұрлау фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері Алматы облысы Достық станциясы Ақтоғай локомотив депосы тепловозының 42 жастағы машинисін анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдікті азамат «Бескөл-Достық» станциялары арасындағы аралықта жұқа тазалау сүзгісі арқылы 300 литр дизель отынын құйып, ұрлап кеткен. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілінің мәлімдегендей, аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Сурет: ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті

Тергеу нәтижесі бойынша Алакөл аудандық соты құқықбұзушыға 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: