Алматыда дүкен күзетшісі қару ұрлағаны үшін ұсталды

Қару , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 19:36 Сурет: zakon.kz
Алматы облысының 42 жастағы тумасы бұрын мүліктік қылмысы үшін сотты болған. Оны тұрғылықты жері бойынша Түрксіб ауданында ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Тінту кезінде 300 мм және 5,6 мм калибрлі екі мылтықты карабин, сонымен қатар, 410 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылды және тәркіленді.

Сурет: Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Тергеу барысында ұсталған азамат осы заттардың барлығын 5 қаңтарда ауданымызда орналасқан қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасау кезінде ұрлағаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: