Ақтауда екі бірдей адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

Ақтау, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, күдікті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2022 20:32 Сурет: polisia.kz
Таңертең 14-шағын аудандағы пәтерлердің бірінен зорлықпен -лт3р3лген ер адам мен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, облыстық полиция департаменті мен прокуратура басшылығы аттанды.

Жедел іздестіру барысында 28 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол қалалық полиция бөліміне жеткізілді.

Бұл жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтiру) бойынша тіркелді.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: