Алматыда жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргінші үш бірдей көлікті апатқа ұшыратты
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 20 метрдей жердегі жаяу жүргіншілер өткеліне баруға ерініп, жолды кесіп өткен ер адам ауыр жол апатын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Toyota Camry жүргізушісінің айтуынша, ол Сүйінбай даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан.
«Саяхат» сауда орталығына жетпей, аялдамадан бір ер адам жүгіріп шыққан.Жүргізуші жылдамдығын бәсеңдетіп үлгерген, жаяу жүргінші жолды кесіп өтіп, жолды бөлу жолағында тұрған.Осы кезде солтүстікке қарай басқа Camry кетіп бара жатқан, оның жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан адамды көріп, бірден тежегішті басқан.Содан кейін Camry бірден бірінші Camry-ге соғылды. Күшті соққыдан көлік айналып барып, артынан келе жатқан Nissan Cefiro-ны соқты.
Ауыр жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript





