Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетауда ғимараттарды «миналаған» адам табылды

Ақмола облысы, Көкшетау, қалалық сот, мина, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 20:36 Сурет: polisia.kz
28 маусымда полицияға Ақмола облысының және Көкшетау қалалық сотының электрондық мекенжайына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түсті. Полицейлер тексере келе, хабарламаны жіберген БҚО ауылдарының бірінің 15 жастағы тұрғыны екенін анықтады , деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, соған ұқсас мәтіндік хабарлама өңірлік жаңалықтар порталдарының бірінің бас редакторының атына да келген.

Полиция департаментінің жарылыс техниктері мен кинологтар сот ғимараттары мен редакцияны жіті тексергенмен, ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

Бұл жайт бойынша құқық қорғау органдары ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Екі ай бойы полиция қызметкерлері хабарламалардың авторын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол Батыс Қазақстан облысы ауылдарының бірінің 15 жастағы тұрғыны болып шықты.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ведомство алғашқы тергеу әрекеттері барысында жедел уәкілдер жалған хабарламалар жіберілген компьютерді тәркілегенін хабарлады.

Қазір полиция жасөспірімді осы қылмысты жасауға итермелеген жағдайларды анықтап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: