Қостанай облысында өртке байланысты кейбір жол учаскелері жабылды

Қостанай облысында Қостанай – Әулиекөл – Сурган тас жолында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған орман өрті мен айналаның түтінге бөгіп, көріну деңгейінің шектелуі себеп, деп хабарлайды "Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейінгі жол учаскесінде қозғалыс шектелді.
Қостанайға Қойбағар, Қарасу және Алтынсарин ауылдары арқылы баратын жолдармен кіріп-шығуға болады.
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 2 қыркүйектен бастап орман отқа оранып, өрт басылмай жатыр. Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин аттанды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript